Еліміздегі 79 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үйдің 20 мыңына күрделі жөндеу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 79 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үйдің 20 мыңына күрделі жөндеу қажет

01.11.2018

Елімізде 79 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үй болса, оның 20 мыңнан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді. 2176-сы апатты жағдайда тұр. Бұл үйлерді жаңалау жұмыстары өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Көпқабатты нысандарды жаңғырту кезінде жаңа талаптар мен қауіпсіздік шаралары сақталмақ. Ол тетіктер Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында көрсетілген. Құжат Мәжілістің қарауында жатыр. Аталған заңды әзірлеу кезінде осы саланың ең өзекті деген мәселелері талқыға салыныпты. Соның ішінде, Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы ерекше назарға алынған. Көбіне Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына халықтың көңілі тола бермейді. Тұрғындардың айтуынша, олар түбіртек бойынша тиесілі қаражатты төлейді, алайда, жиналған қаржының қайда және не үшін жұмсалып жатқанын білмейді. Ал, жаңа құжат бойынша бұл жұмыстар ашық түрде жүргізілмек.  

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

- Осы мәселе заң бойынша қарастырылады. Мүлік иелері қандай жұмыс атқарып отырғанын ұялы телефон арқылы көре аласыздар.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу