Теміртау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды

01.11.2018

Жалдамалы пәтерлер бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, жетім балаларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға үлестірілді. Бұл - соңғы бес жылда құрышты қалада салынып отырған алғашқы үй. Жергілікті билік өкілдері қаңырап бос қалған ғимаратты «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аз уақытта қалпына келтіріп, мұқтаж жандардың қажетіне жаратты. Дей тұрғанмен, шаһарда үй кезегінде тұрған әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Сондықтан, биыл мұнда тағы екі бірдей көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ.   

Жаңыл Алданышқызы, Теміртау қаласының тұрғыны: 

- Үй кезегінде 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап тұрмын. 10 жыл күттік. Осы күнге дейін үй жалдап тұрдық. Осы үйді алғанымызға қуаныштымыз. Біздің үш баламыз болғандықтан, үш бөлмелі үй алғалы отырмыз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу