«Академиялық медициналық орталық: трансформацияның сын-тегеуріндері мен даму перспективалары». Елордада 200-ден астам отандық және шетелдік хирург, уролог, онколог дәрігерлердің қатысуымен халықаралық конференция өтіп жатыр. Жиын «University Medical Center» корпоративтік қорының 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Шараға АҚШ-тан келген мамандар трансплантация жасаудағы тәжірибесімен бөлісті. Конференция аясында хирургиядағы түйткілдер мен ядролық медицинадағы озық тәжірибелер сөз болды. Ауқымды басқосудың қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Құжатта «University Medical Center» корпоративтік қорына оң баға беріліп, 10 жылдағы тәжірибесі мен жетістіктері жоғары бағаланды.
Жақсыбай Жұмаділов, «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы:
- Ең бірінші мақсат - қызметтің сапасын арттыру, жақсарту, сондай-ақ, жаңа инновацияларды тарту. үш күн бойы Питтсбург университетінен келген әріптестермен бизнес-семинар ұйымдастырып, жол картасын дайындап жатырмыз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.