Жанармай құю бекеттерінде көліктен түспей-ақ есептесуге болады
Ақысы мобильді қосымша арқылы төленеді. Бұл Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін цифрландыру аясында жүзеге асырылып отыр. Жүргізушілер кассаға барып, кезек күтіп тұрмайды. Болашақта түрлі тауарларды да осы тәсілмен сату жоспарланып отыр. Мамандар осы саланы цифрландыру арқылы 143 миллиард теңге қайтарылады деп отыр . Цифрландыру бағдарламасына энергетика саласынан 8 жоба енген. Дегенмен, жекеменшік секторға әзірге цифрлық технологияны енгізу мүмкін болмай тұр.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика вице-министрі:
- Цифрлық технологиялар арзан емес. Оған қосымша инвестиция бөлуге жекеменшік компанияның мүмкіншілігі бөлек. Бұл жағынан біз қазір қалай атсалысуға болатыны туралы ойластырып жатырмыз.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы