Басты Жаңалықтар Бүгін түнде Астана көшелерінде табандатпас тайғанақ болды

Бүгін түнде Астана көшелерінде табандатпас тайғанақ болды

Кешегі сіркіреген жаңбырдан кейін күн күрт суытқан соң. Таң сәріден бері травматологиялық орталықтың қызметіне жүгінген науқастар саны еселене түсті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тайып жығылып жарақаттанғандардың саны 50 адам. Оның ішінде 10 науқас ауруханаға жатқызылған. Осы ретте мамандар, тұрғындарға көшеде абайлап жүруді және жаяу жүргіншілер жолағынан  сақтықпен өтуді ескертеді. Ішкі істер департаментінің дерегінше, тайғақ басталған түні қалада 50-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

София Қылышбеков, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Тексере келе көбінесе арақашықтық сақтамаған. Жүргізушілердің көбі қысқы дөңгелектерін ауыстыруды қамтамасыз етпегені анықталып жатыр. Оларды біз ескертеміз. 

 

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу