Кубадан келген кәсіби спортшы Шығыс Қазақстандағы «Алтай» волейбол клубымен соттасып жатыр. 25 жастағы Юнеска Роблес Батистаға клуб 10 млн. теңге қарыз. Былтыр Қазақстанның азаматтығын алған спортшы «Алтай» құрамында 3 жылдан бері ойнап жүр. Командасымен бірге 3 рет республикалық чемпионатты, 2 рет суперкубокты ұтқан. Бірақ, кейінгі кезде басқа командаға ауысып, шығыстағы волейбол клубынан өз еркімен кетіп қалған. Адвокатының айтуынша, Юнеска соңғы 5 ай бойы жалақысын алмаған. Өскемен қалалық соты екеуіне өзара келісімге келуді ұсынды. Алайда, волейболшы «Алтай» клубымен бітімге келуден бас тартты.
Юнеска Роблес Батиста, кәсіби волейболшы:
- Спорт жағынан жаттықтырушы, бірге ойнаған қыздарға сұрағым да, наразылығым да жоқ. Дау тек қаржы мәселесі бойынша. «Алтай» волейбол клубымен ешбір келісім жасағым келмейді. Ақшамды төлесе болды.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.