Үміті үзілмеген үлескерлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үміті үзілмеген үлескерлер

31.10.2018

Астанада 36 проблемалық тұрғын үй бар. Бүгінде құрылысы тоқтап тұрған нысандарға бір кездері ақша құйған үлескерлер саны - 15 мың. Астанада Тұрғын үй құрылыс кооперативтері төрағаларының жиналысы өтті. Жиында құрылысты соңына дейін жеткізуде атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Бұл ретте, қалалық әкімдікке қарасты ведомствоаралық комиссияның маңызы зор. Оның көмегімен 2015 жылдан бері 247 үйдің мәселесі шешілген. Елордада құрылысы ең ұзақ уақыттан бері тұралап қалған үйлерге – «Территория комфорта», «Мирный дом» жатады. Олар 2010 жылы салынып бітуі керек еді. Ал, қаланың орталығындағы «Ақжол» тұрғын үйін салып бастаған компанияның бастапқыдан-ақ, жері болмаған екен. Оның 63 үлескері пәтерлерін 2014 жылдан бері күтіп жүр. Құйылған қаржы - 5 миллион доллар.

Айман Тілеуханова, «Ақжол» тұрғын үй құрылыс кооперативінің басқарма мүшесі:

- 2015 жылдың ортасына қарай МВК-ға келдік. Содан бері 2 соттан өттік. Біреуінің нәтижесінде жерді қайтарып алдық. Соттың шешімімен 4 сатып алу-сату шарты жарамсыз болып танылды. Жер бізге қайтып келді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу