Өзбекстанда қазақ тілінде сабақ беретін 500-дей мектеп бар
«Орталық Азия бейбіт өмірді қадірлей отырып, оның негізін берік ете түсу қажет». Елордада Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко осылай деді. Басқосудың мақсаты - аймақтағы этноәлеуметтік саладағы байланысты дамыта түсу. Өңірлік және этникалық бірегейлікті қалыптастыру әрі мигранттарды жаңа ортаға бейімдеу мәселелері талқыға түсті. Қазір әлемде 200-ге жуық мемлекет бола тұра, 3 мыңға жуық этностың өз ұлттық мемлекеті жоқ. Сондықтан, тәуелсіз мемлекет құрған қазақ бірлік пен берекеге ешқашан сызат түсірмек емес. Сонымен қоса, бәрімізге ортақ тарихымыз бен құндылықтарымызды қадірлей отырып, болашаққа бірге қадам жасау жайы сөз болды.
Мансур Бекмуродов, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі:
- Өзбекстанда 1,5 млн-нан астам қазақ өмір сүреді. Қазақтардың 100-ге жуық ұлттық-мәдени орталықтары бар. Қазақ тілінде сабақ беретін 500-дей мектеп бар. Мұның өзі Өзбекстанда тұратын қазақтардың өз елінде жүргендей күй кешуіне қолғабыс етеді деп сенемін.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы