Сирияда үш отандасымыздың өлтірілгені туралы ақпараттың қаншалықты рас екені анықталып жатыр. Бұған дейін таратылған мәліметтер бойынша алты қазақстандық әйел жасырын түрде Түркия аумағына өтпекші болған. Бірақ, ақшаларының аздығынан олардың үшеуі қалғандарын 7 жасар баламен бірге өлтіріп, қашып бара жатқанда содырлар ұстап алып, олардың өздерін өлтірді делінген еді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл мәліметтердің әлі расталмағанын айтады.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:
- Ол рас немесе рас еместігін қазір дәлелдей алмаймыз. Бұрын хабарлағандай Сирияның аумағында жүрген барлық қазақстандық азаматтарға қатысты мәселелер біздің Иорданиядағы елшілікке тапсырылады. Өйткені, олар өз міндеттерін Сирияда да қоса атқарады. Сондықтан, бұл мәселе біраз уақыт алады.
Сыртқы істер министрлігіндегі брифингте Америка Құрама Штаттарында 6 жылға сотталған Диас Қадырбаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны, жазасын толығымен өтеген оның Алматыға келгені айтылды. Осыдан 5 жыл бұрын Бостонда марафон кезінде лаңкестік акті болып, үш адам қаза тауып, 260-тан адам астам жарақаттанған. Сол жарылысты жасады, деп айып тағылған ағайынды Царнаевтардың біреуін таныған Диас Қадырбаев полицияға хабарламай, тергеуге кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылған еді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.