Олар сауда-саттық, байқау, аукциондарда жеңіп, анықталған заңбұзушылықтардан құтылып кету үшін осындай қадамға барады. Қалған 73%-нда кәсіпкерлерден параны мемлекеттік қызметшілердің өздері талап ететін көрінеді. «Сыбайлас жемқорлық – кәсіпкерлердің көзқарасымен» атты жасырын сауалнама нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Оның аясында барлық қалалар мен аудандардан 3 мыңнан астам кәсіпкердің пікірі қамтылған. Сауалнама қорытындысы облыс әкімдігі жанындағы комиссия отырысында жария етілді. Іскер топ өкілдерінің пікірінше, полиция, мемлекеттік кіріс органдары, мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, сәулет және құрылыс салаларын жемқорлық жайлаған. Ал, кәсіпкерлік және жер қойнауын пайдалану секторы парақорлықтан алшақ деп танылған.
Ернар Күлпейісов, облыстық Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі:
- Облыс көлемінде жүргізілген анонимді сараптама қорытындысы бойынша кәсіпкерлерден алынатын параның орташа көлемі 10 мың теңгеден басталып 60 мың теңгеден асады. Кей жағдайда мемлекеттік қызметшілер тіпті көп пара сұрайды. Әсіресе, Шахтинск қаласы, Бұқар Жырау ауданында жең ұшынан жалғасқан жемқорлық тиылар емес. Ал, Қаражал мен Сәтбаев қалаларында жемқорлық фактілері облыстың басқа елді мекендеріне қарағанда азайған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.