Астанада «Тұрғын үй шаруашылығын цифрландыру күні» өтті

29.10.2018

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыруда ортақ іс-жоспар түзу мен басымдықтарды айқындау. Астанада «Тұрғын үй шаруашылығын цифрландыру күні» атты халықаралық шара өтті. Онда көпқабатты үйлерді қауіпсіз пайдалану мен тарифтердің ашықтығын қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Бұл салаларға цифрландыру бағдарламасы аясында жаңа технологиялар енгізудің жолдары талқыланды. Оған халықаралық мамандар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, аталған тақырыптар бойынша тың технологиялардың көрмесі өтті.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу цифрландыру бағдарламасының басым бағыты. Бүгінгі шараға үздік тәжірибе енгізіп отырған Германия секілді елдердің қатысуы бізді қуантады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу