Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 үй жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 үй жөнделді

23.09.2014
Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 үй жөнделді

Астанада 2011-2020 жылдарға  арналған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша 20 көппәтерлі  үй жөнделді.  

24 қыркүйекте мемлекеттік бағдарлама аясында Мирзоян көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан тағы бір үй тапсырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Қазіргі уақытта  2015-2016 жылдарға  арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізілетін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізімі әзірленуде.  

Хабарламаларға жазылу