Ауыл шаруашылығын цифрландыру аяқталды

05.02.2019

Былтырдан бастап елімізде ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру жүріп жатыр. Ақмола облысында егістік жерлерді сандық жүйеге көшіру толық аяқталған. Енді шаруалар мен ғалымдар тізе қосып, нақты егіншіліктің қағидаларын, шығынды азайтып, мол өнім алудың жолдарын көрсетеді.

Тілекқали Тұрғынбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

- Гумус, қарашілік мөлшері азайған. Негізгі қоректік элементтер: азот, фосфор мөлшері өте қатты төмендеген. Осының барлығын толықтырмаса, дұрыс қолға алмаса болмайды. Өсімдікке бұл тамақ, азық қой.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу