Басты Жаңалықтар Өзге елдерге соғысқа кеткен Орта Азия тұрғындары елдеріне қайта бастаған

Өзге елдерге соғысқа кеткен Орта Азия тұрғындары елдеріне қайта бастаған

Орта Азиядағы өңірлік және жаһандық қауіпсіздік саласындағы жаңа қатерлер мен оларды шешудегі әріптестік. Бүгін бұл тақырыптар Астанада өткен сарапшылар мен саясаттанушылардың халықаралық конференциясында талқыланды. Оған алыс-жақын шетелдерден 20-ға жуық сарапшы қатысуда. Мамандар Орта Азиядағы есірткі мен есірткі тасымалы мәселесіне киберқылмыс қосылып отырғанын атап өтті. Оны шешу үшін өңірде ортақ заңнама мен ортақ тәжірибе қалыптастыру маңызды екені айтылды. Сондай-ақ, өзге елдердегі соғыстарға кеткен Орта Азия халықтары да өз елдеріне қайта бастаған. Олардың ары қарайғы тағдыры мен қоғамға бейімделуі де өзекті болып тұр. 

Татьяна Дронзина, Париж саясаттану ғылымдары институтының профессоры:

- Мен өткен жылдары Қырғызстан тарапының шақыруымен осы ел азаматтарының өзге елдердегі соғысқа кетуін зерттедім. Белгілісі, кететіндердің жас ерекшеліктері мен білім деңгейлері әртүрлі. Алайда, Сирияға кеткендердің балалары елге орала бастаған. Олардың еш кінәсі жоқ. Енді олар қоғамға қалай бейімделуі керек? Бұл ойланатын мәселе. Соны бүгін талқылайтын боламыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу