Өскеменде эко-үй өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде эко-үй өртеніп кетті

26.10.2018

«Жасыл» технология негізінде салынған қос қабатты мекеме ЭКСПО көрмесі алдында пайдалануға берілген болатын. Күн батареяларының көмегімен жылытылатын үй толықтай ағаштан тұрғызылған. Сондықтан болар, лезде ғимарат қызыл жалынға оранды. Оқиға орнында 10-нан астам арнайы техника мен 50-же жуық өрт сөндіруші жұмыс істеді. Тілсіз жау 200-ден астам шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, зардап шеккендер жоқ. Соңғы кезде бұл эко-үйде қалалық жастар ұйымы жұмыс істеді.  Өкінішке қарай, фотостудияда қолданған кәсіби фотоаппараттар және басқа да жабдықтар түгелей жанып кетті. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 30 миллион теңгеге жуық.   

Амангелді Шегетаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрттің шығу себебі анықталуда. Мұнда өрт лабораториясы жұмыс істеп жатыр. Адам шығыны жоқ. Қазіргі уақытта от тежелді, ашық жалын жоқ.

Павел Белденбаев, «Zhas Project» жастар тобының жетекшісі:

- Бұл жерде біздің декорациялар, кәсіби фото жабдықтарымыз болған. Олардың кейбіреуін өз қаржымызға, ал, қалғанын «Zhas Project» жобасы бойынша берілген грант ақшасына сатып алған едік. Құны қымбат болатын.  

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу