Қазақстан ауылдарында біліктілігі жоғары маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ауылдарында біліктілігі жоғары маман тапшы

26.10.2018

Астанадағы бос орындар жәрмеңкесіне Қостанай облысы Меңдіқара ауданынан арнайы келген қожалық басшысы осылай деді. Көздегені іске аспағандықтан, енді елордадағы Агротехникалық университетпен келісімге келмек. Себебі, жастардың ауылға барғысы келмейді. Ал, жәрмеңкеге жұмыс іздеп келгендердің қарасы қалың. Айта өтейік, бүгін 50-ге жуық мекеме 100-ден астам бос орын ұсынды. Түйіндемелерді қабылдап, келушілерге қайта хабарласуға уәде етті. Жалпы, қаладағы жастар орталығы мұндай іс-шараны жылына төрт рет ұйымдастырады.  

Үкібай Нұрпейісов, «Астана жастары» КММ басшысы:

- Алдыңғы жәрмеңкеде 100-ге жуық резюме қабылданды. Соның 40-қа жуығы ғана жұмысқа орналастырылды.

Марат Ахметов, шаруа қожалық басшысы:

- Бізге Жер мәселесін білетін агрономдар мен инженерлер керек. Цифрландыруға жақын, соңғы технологиялардың тілін білетін мамандар қажет. Елбасының өзі ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйвері деп атады. Ал, саланы көтеру үшін маман керек.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу