Ауыл шаруашылығына арналған жерлер мемлекет меншігінде қалуы керек - Мұхтар Тайжан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер мемлекет меншігінде қалуы керек - Мұхтар Тайжан

25.10.2018

Қазақстан азаматтары үшін жер телімдерін тек қана жалға беру институты енгізіледі. Жаңа жүйе жекеменшікке беруді болдырмауға тиіс. Бастамашыл топтың бұл пікірін республикалық агрофорумда қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жариялады. Сондай-ақ, бірыңғай аграрлық салықты белгілеуді, жерлерді жерсеріктік бақылауды заңдастыруды ұсынды. Ұсыныстарды форум сессиясына қатысушылар түгел қолдады. Жиынды қорытындылаған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Берік Бисенғалиев Жер кодексіне енгізілетін түзетулер кең ауқымды қоғамның қатысуымен сатылап жүзеге асырылатынын айтты.

Мұхтар Тайжан, қоғам белсендісі:

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер мемлекет меншігінде қалуы керек. Бірақ, жал нарығын орнатып, заңдастыруымыз жөн. Бұл нарық тек қана Қазақстан азаматтарының арасында, 100 пайыз қазақстандық заңды тұлғаларының арасында болуы жөн. Және халыққа ашық түрде, электронды болуы керек. Сонда ғана «жер ешкімге сатылмасын, тек қазақстандықтарға жалға берілсін», деген талап орындалады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу