Қауіпсіздік органдары қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы қалай әрекет етеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпсіздік органдары қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы қалай әрекет етеді?

25.10.2018

Алматыда ТМД елдері Қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 45-ші отырысы өтті. Алқалы жиынға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қауіпсіздік органдарының басшылары бастаған делегациялар қатысты.

Сондай-ақ, Әзірбайжан, Қазақстан және Ресей Сыртқы барлау қызметтері, ТМД Атқару комитеті мен Террорға қарсы орталығының өкілдері шақырылды. Басқосуға жиналғандар іргелі құрылымға мүше мемлекеттердегі қауіпсіздік органдарының қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық және тәжірибелік өзара іс-қимыл тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, шарада халықаралық терроризм, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес пен киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақты күшейтуге басымдық берілді. Арнаулы қызметтердің өкілдері ірі халықаралық іс-шаралар қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыстарды жоспарлау әрі ұйымдастыру жөнінде тәжірибе алмасты. Отырыстың қорытындысында мамандар тиісті шешімдер мен оларды іске асырудың нақты жолдарын айқындады.   

 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу