Жастар мемлекеттік бағдарламалар беріп отырған мүмкіндіктерді жетік білмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар мемлекеттік бағдарламалар беріп отырған мүмкіндіктерді жетік білмейді

25.10.2018

Жастарды ауылға тартып, жұмыспен қамтуға бағытталған «Дипломмен ауылға!» жобасын қаржыландыруды арттыру қажет. Осылайша, шалғайдағы елді мекендердегі білім, медицина саласындағы кадр тапшылығын жоюға болады. Өңірде ауылда жұмыс істегісі келетін жас мамандар бар. Бірақ, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаржы жеткіліксіз. Жамбыл облысының жастарымен кездескен Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Сондай-ақ, депутаттардың айтуынша, жастар мемлекеттік бағдарламалар беріп отырған мүмкіндіктерді жетік білмейді. Оларды баспанамен, жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды жіті түсіндіру керек. Ал, халық қалаулысы Бақытбек Смағұл жастарға көңілі толмайтындығын жеткізіп, әскерге баруға шақырды. 

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстан бойынша 6 мың адам әскер қатарына келмей, қашып жүр. Жалынды жастар жоқ. Әлі де болса самарқау, ұйқылы ояу. Адам сергек болуы керек, ояну керек, ой алу керек. Сонда барып, оның ізінен еретін азаматтар болады. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу