Қостанай облысында қоғам қайраткері Орал Мұхамеджановқа ескерткіш тақта орнатылды
Қостанай облысында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Орал Мұхамеджанов оқыған мектеп ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды. Рудный қаласындағы бұл нысанда қазір музыка колледжі орналасқан. Орал Мұхамеджанов іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеті мол, тәжірибелі басшы, білікті саясаткер еді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Президент Әкімшілігінде және Үкімет аппаратында бөлімдер басқарып, Парламент Мәжілісінің депутаты, кейін Палата Төрағасы болды. Ол білімі мен қажыр-қайратын елді көркейтуге, оның құқықтық-заңнамалық базасын нығайтуға күш жұмсады. Ұлттық құндылықтарды қашанда жоғары қойып, қазақ елінің дамуына елеулі үлес қосты.
Жұмағали Қасымов, О.Мұхамеджановтың досы:
- Ол мектепте ең белсенді оқушы болды. Жоғары сыныптың балаларынан бір бас жоғары тұратын. Онсыз ешқандай іс-шара, жиын өтпейтін. Сол кезде жаңадан шыққан КВН командасының капитаны болды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы