Бұл туралы сегізінші қалалық Азаматтық форумда Қоғамдық даму министрі мәлімдеді. Дархан Кәлетаевтың айтуынша, аталған нысан үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басын біріктіріп, ашық диолог алаңына айналады. Сондай-ақ, көп кешікпей барлық өңірлер бойынша әлеуметтік жобалардың карталары жасалады. Оның барлығы азаматтық қоғамның белсенді араласуымен жүзеге аспақ. Осылайша, үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттің сенімді серігіне айналады.
Дархан Кәлетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:
- Осыдан 15 жыл бұрын «Қазақстан азаматтық альянсының» бастамасымен елімізде алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар өз жұмысын бастаған болатын. Осы арқылы біз мемлекет пен қоғам арасындағы, азаматтар мен билік арасындағы конструктивтік диалогқа, қоғамдық келісім мен татулыққа қол жеткіздік. Қазақстанның бұл тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қолдау тауып отыр десек, артық айтқандық емес.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.