Ақтөбе облысындағы мұнай компаниялары келер жылдан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың айлығын көтереді. Бұған қоса, кәсіпорындар өз міндеттемелерін орындап, өнім экспортын арттырады. Өңір экономикасының негізін мұнай-газ секторы құрайды. Жыл сайын облыста 6 миллион тонна қара алтын мен 6 миллиард текше метр көгілдір отын өндіріледі. Салада 25 мың ақтөбелік еңбек етеді. Кәсіпорындар жұмысшылар алдындағы келісімшарттық және әлеуметтік міндеттемелерін орындауы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға уәде еткен мекеме басшылары Қазақстандағы басқа әріптестеріне үндеу жолдады.
Ринат Ізмұханбет, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры:
- Ірі кәсіпорындардың басшысы ретінде Елбасы Жолдауында айтылған бағдарламаларды толықтай қолдаймыз. Сондай-ақ, алдымыздағы жылда «Қазақойл Ақтөбе» мекемесінде жалақыны 10 пайызға көтереміз. Кеңседе отырғандардың еңбекақысы 7 пайызға өседі. Осы бастамалардың барлығын қолдаймыз.
Жақсылық КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.