Басты Жаңалықтар Алматыда инновациялық жобалар байқауы аяқталды

Алматыда инновациялық жобалар байқауы аяқталды

Алматыда жастар арасындағы «Үздік инновациялық жобалар» байқауы аяқталды. Екі айға созылған ауқымды шараға қаладағы жоғары оқу орындарының студенттерінен 50-ге жуық жоба түскен. Олардың ішіндегі 10 стартап-жобаның иесі үздік шықты. Ал, мұндай байқауды өткізу арқылы жастардың инновациялық белсенділігін арттырамыз. Оған қоса, «Озық технологияларды қолданып, әлеуметтік маңызы бар дүниелерді жасауға зор септігін тигізеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Дәулет Әшімхан, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті:

- Бұл жобаның маңыздылығы – жыл сайын жас кәсіпкерлерді ынталандыру. Жастардың арқасында кәсіпкерліктің іргетасы қаланады деп есептейміз.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу