Шығысқазақстандық кәсіпкерлерге 14 миллиард теңге үнемдеп қалу мүмкіндігі туып тұр. Бұл үшін олар келер жылдың соңына дейін қазіргі салық қарызын төлеп тастау қажет. Бұл алдағы жылға жоспарланған салық амнистиясының көмегімен іске асыруға болатын жеңілдік. Шығыста шағын және орта бизнеспен айналысатын 3800 кәсіпкердің салық бойынша берешегі бар. Қазіргі уақытта қарыздың жалпы сомасы 37 миллиард теңгеден асады. Оның ішінде 23 миллиард 400 миллион теңге – негізгі бөлігі. Аймақтық Мемлекеттік кірістер департаменті осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Салық амнистиясына ілінбейтін бизнес өкілдері де бар.
Азамат Жақиянов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
- Заң жобасы бойынша ірі кәсіпорындар, акцизделетін тауар өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар салықтық қарыздан босатылмайды. Жақын арада Салық заңнамасы өзгертіліп, өсім мен айыппұлды алып тастау тәртібі нақты жазылады.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.