Жазушы Талғат Кеңесбаев өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Талғат Кеңесбаев өмірден өтті

23.10.2018

Жазушы, қоғам қайраткері Талғат Кеңесбаев 58 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды. Ол 1961 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыжал ауылында туған. Семей педагогикалық институтын бітірген. Талғат Кеңесбаевтың тұңғыш кітабы «Француз әтірінің иісі» деп аталады. 1988 жылы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. Ал, 2017 жылы «Ұлт болмысы әдеби сыйлығы» байқауында бас жүлдені иеленді. Жазушының бұдан бөлек, «Моцарт», «Шың», «Түнде ұшқан қаршыға», «Түн құсының мұңлы үні», «Ойшоғыр», «Үнсіз нота» және «Көкпар» сынды роман, повесть, әңгімелері түрлі басылымдарда жарық көрді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу