Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті

12.03.2024

Белгілі жазушы, журналист Жұмабай Шаштайұлы өмірден өтті. Ол «Аспанқора», «Құралайдың салқыны» сынды классикалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ, «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» журналында қызмет етті. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.

2002 жылы Қазақ радиосының бас редакторы, сонымен қатар «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Үзеңгі жолдас» бағдарламасын жүргізді. Марқұмның жақындарына «Қазақстан» телерадиокорпарациясы ұжымы, қайғыра көңіл айтады.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу