Жазушы Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті

05.04.2021

Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды. Қаламгер сәуірдің 24-інде 85 жасқа толар еді. Ол 1936 жылы Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

1962 жылы қазақ көшімен бірге атамекенге оралып, ҚазҰУ-дің филология факультетін тәмамдаған. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында, Мемлекеттік баспалар комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Оның «Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағы оқырманға жақсы танымал.

Хабарламаларға жазылу