Талғат Бигелдинов өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Бигелдинов өмірден өтті

10.11.2014
Талғат Бигелдинов өмірден өтті

Біздің анықтама:

Талғат Бигелдинов  1922 жылы 5-тамызда Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген.

1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жіберіледі.

1942 жылы майданға аттанады. 305 рет әскери шабуылға шығып, Берлинді алуға бірінші болып қатысады.

Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.

Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі  қызметтер атқарды. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз  қалаларында әуежай салу ісіне өлшеусіз үлес қосты.

1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында қызмет атқарған Талғат Бигелдинов Алматыдағы небір зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысты.  

Хабарламаларға жазылу