Қазақстан Қырғызстанға бензин экспорттай бастайды
Бұл туралы бүгін еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Қазір экспортқа қатысты тиісті құжаттар әзірленіп, Қырғызстанға жолданған. Алдағы күндері министрлік өкілі Бішкекке барып, келісім жасайды. Жоспар бойынша бензиннің алғашқы партиясы шамамен екі аптадан соң көрші елге жөнелтілмек. Сондай-ақ, оның бағасы Қырғызстан нарығындағы бағамен пара-пар болады. Министр осы орайда еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында жөндеу-жаңарту жұмыстары аяқталып, ішкі нарық отандық бензинмен толық қамтамасыз етіліп отырғанын атап көрсетті.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
- Бізде бензиннің профициті бар. Өйткені, мұнай өңдеу зауыттарында жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Бензиннің бағасы осы жылдың басында 165 тг болған. Қазір Аи 92 бағасы 150, 152, 155 теңге.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы