«Ауыл – ел бесігі» жобасы шалғай елді мекендердің тұрмысын жақсартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шалғай елді мекендердің тұрмысын жақсартады

23.10.2018

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шалғай елді мекендердің тұрмысын тіктеуге жол ашады. Бұл туралы ауылдарды аралаған депутаттар айтты. Олар халыққа Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетудің маңызын түсіндірді. Тұрғындарды осы бағыттағы жұмысқа белсене араласуға шақырды. Себебі, ауыл шаруашылығын дамытуға елді мекендерде тұратын жұрт елеулі үлес қосып отыр. Сондықтан, мәжілісмендер іргелі жобалар мен қабылданған бағдарламалардың уақытылы орындалуына одан әрі қарай біркісідей атсалысу қажеттілігін жеткізді. 

Серік Үмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауылды көтеру мәселесіне ел қатты көңіл бөледі. Оның ішінде жол, үй мәселесі бар. Басқа сұрақтардың бәрі осы мәселелерге тіреледі. Мүмкіндігінше ауылдық жерлерге баруымыз керек. Қарапайым елмен кезігіп, Елбасы атқарып жатқан еңбекті жеткізуіміз керек. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу