Қарағандылық спортшылар бір күн Халыққа қызмет ету орталығында жұмыс істеп көрді
Есімдері елге мәлім қарағандылық спортшылар мен танымал азаматтар бір күн Халыққа қызмет ету орталығында жұмыс істеп көрді. Орталыққа келушілерді 2018 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ержан Шынкеев, самбодан Әлем чемпионы Бейімбет Қанжанов, жүргізуші Айбат Никулин қарсы алып, электрондық қызметтердің тиімділігі туралы айтты. Жалпы, «Жұлдыздардың ХҚКО-дағы бір күні» республикалық акциясы аясында еліміздегі барлық орталықтарда танымал тұлғалар азаматтарға бір күн бойы қызмет етті. Акцияның мақсаты - тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттырып, электрондық қызметтерді пайдалануды үйрету, автокөлікті онлайн тіркеу, бала құжатын рәсімдеу сынды ең қажетті кеңестерді насихаттау болды.
Ержан Шынкеев, «Қазақстан барысы-2018» турнирінің жеңімпазы:
- Жасы бар, кәрісі бар, барлығының тілін тауып жұмыс істеу өте қиын екен. Мен алдында ХҚКО-на келіп, құжаттарымды алып жүрдім. Оңай сияқты болып көрінетін. Енді түсіндім, ол үшін білімді болу керек екен. Осы акцияның арқасында үйде отырып-ақ электронды портал арқылы құжаттарды алуға болатынын біліп отырмын.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы