Қостанайда жылы аялдамалар орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жылы аялдамалар орнатылды

23.10.2018

Қостанайда жылы аялдамалар салына бастады. Оның алғашқысы жаңадан бой көтерген «Алтын Арман» шағын ауданына қойылды. Аялдамалар жылыту жүйесімен жарақтандырылған. Температурасы қыс айларында 18 градусқа дейін көтеріледі. Ал, жаз мезгілінде керісінше салқындатқыш құрылғы іске қосылады. Ең бастысы, мұндағы құрылғылар электр желісіне жалғанбаған. Автономды түрде Күн батареясымен қуатталады. Яғни, болашақ энергиясы негізінде жұмыс істеп тұр. Әзірге сынақ ретінде енгізіліп отырған бұл жобаның құны 4,5 млн теңге. Егер өзінің тиімділігін көрсетсе, жылы аялдамалармен облыс орталығын толық қамту жоспарланып отыр. 

Алексей Тарасов, Қостанай қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Аялдаманың ішіне және сыртына бақылау камерасы қойылған. Ондағы бейнені орталық диспетчер қызметкерлері тікелей көріп отырады. Аялдама есігіне уақыт таймері орнатылған. Сол таймер арқылы таңертең 06:30-да ашылады да, кешке 23:15-те жабылып қалады. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу