Жамбыл облысында айдын көлдерге шабақ жіберу науқаны басталды. Бүгін кіші Ақкөл су айдынына 10 мыңнан астам шабақ балық жіберілді. Аталған айдында сазан, карп, тұқы тұқымдас балық түрлері мекендейді. Алайда, мұндай маусымдық жұмыстар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап, кейбір балық түрлерінің жойылып кетуінің алдын алады. Қазір Жамбыл облысында есепте тұрған 117 су айдыны бар. Олардың барлығы жеке кәсіпкерлердің иелігіне берілген. Есесіне, кәсіпкерлер көлдегі балықтардың балансын сақтап, айналасын тазартып тұруы тиіс. Мамандар «әзірге 47 көлдің балық қорын көбейтіп үлгердік», - дейді.
Ерболат Таматаев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы:
- Бекітілген су айдындары бәрі балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес балықтандырылуға міндетті. Жұмыстары енді басталды. Осы қазан-қараша айларында толық балықтандырылып бітеді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.