Қаражатты игере алмай отырған өңірлер Үкімет отырысында сынға ілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаражатты игере алмай отырған өңірлер Үкімет отырысында сынға ілікті

16.10.2018

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында шағын несиелендіруге бөлінген қаражатты игере алмай отырған өңірлер Үкімет отырысында сынға ілікті. Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Астана көштен қалып қойған. Ал, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Жалпы, жыл басынан бері қалаларда 28 миллиард, ал, ауылдарда 10,5 миллиард теңгеге шағын несие берілген. Осылайша, бағдарлама бойынша жоспарланған қаражаттың тек 60 пайызы игерілген екен. Мемлекет басшысының өзін-өзі қамтитын және жұмыссыз қазақстандақтарға кәсіп ашуға, не кеңейтуге мүмкіндік беретін бұл жобаны жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 62 млрд. теңге қарастырылған. Жеңілдетілген шағын несиелердің арқасында кәсіпкерлердің саны екі есе артады деп күтілуде. 

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Берілген микрокредиттердің ішінен стартап жобаларды қолдауға 6087 немесе 68 пайыз, якорлық операция бағытын дамытуға 527 немесе 6 пайыз микрокредит берілді. Жеке істі кеңейтуге 2279 микрокредит берілді.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу