Президент тапсырмасымен дағдарыспен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына талдау жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент тапсырмасымен дағдарыспен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына талдау жасалады

10.07.2020
Президент тапсырмасымен дағдарыспен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына талдау жасалады

Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп 15 қазанға дейін дағдарыспен күресу үшін бөлінген қаражатты жұмсаудың тиімділігіне талдау жасауы қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Жоспарлаудың шалалығы, сатып алу құнының тым қымбаттығы, жекелеген іс-шаралардың тиімділігі мен қажеттігі әлі де түйткілді мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Сондықтан қатаң бақылау шараларын енгізуіміз керек. Әйтпесе бос сөзден нәтиже шықпайды.

Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп 15 қазанға дейін дағдарыспен күресу үшін бөлінген қаражатты жұмсаудың тиімділігіне талдау жасауы қажет. Талдау өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар ерекшелігін ескере отырып жасалуы керек. Онда әрбір министр мен әкім бойынша қорытынды тұжырымдар болуға тиіс»,- деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу