Бюджет қаражатын игере алмаған министрлер мен әкімдер ескерту алды

13.12.2019

Бюджет қаражатын игере алмаған әкімдер мен министрлер бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминнен ескерту алды. Премьер жұмысы баяу төмен өңірлердің кесірінен жалпы республикалық көрсеткіш кері кетіп тұрғанын сынады. Жалпы мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,3 пайызға атқарылған. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, биыл игерілмеген қаражат көлемі 54 миллиард теңгеге шақ. Бұл былтырғыдан 26 миллиард теңгеге көп. Қаражатты игере алмай отырған өңірлер тізімін Түркістан облысы 12 миллиард теңгемен бастап тұр. Ал Нұр-Сұлтан қаласында бұл сомма 8 миллиард теңге болса, Шымкент және Алматы қалаларында тиісінше 7 және 6 миллиард теңге. Көбіне орындалған жұмыстар актілерін уақытылы тапсырмау, келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу немесе сотта қаралып жатқан істерге байланысты кей жағдайда бөлінген қаражат игерілмеген.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу