Басты Жаңалықтар Шетелдік мұнай компанияларының басшылығына қазақстандық топ-менеджерлер тартылмақ

Шетелдік мұнай компанияларының басшылығына қазақстандық топ-менеджерлер тартылмақ

Шетелдік ірі мұнай компанияларындағы басшылық қызметке қазақстандықтарға басымдық беру мақсатында жаңа жоба қолға алынуда. Бұл туралы Қазақстан мұнай-сервис компаниялар одағының өкілдері айтты. Олардың сөзінше, бүгінде еліміздегі шетелдік ірі компаниялардың барлығында жетекші қызметте өзге елдің мамандары. Ол компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеп жатқанына 20 жылдан асты.

Дегенмен, басшылық қызметте отандық мамандар жоқ. Сондықтан, одақ Энергетика министрлігімен бірігіп жаңа жобаны қолға алмақ. Бұл жергілікті кәсіпкерлердің жұмысын алға сүйреуге мүмкіндік береді. Өйткені, сырттан келген мамандар Қазақстан нарығын біле бермейді. Қандай да бір қызметке жүгінгенде шетелдік мекемелерге жүгінеді екен. 

Нияз Жұмат Қазақстан мұнай-сервис компаниялар одағының жобаларын басқарушы:

- Шетел азаматтары көбіне келісімшартпен келеді.  Олар біздің нарығымызды білмейді. Сондықтан, көп нәрселерді шетелден сатып алады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу