Астанада халықаралық сессия өтеді
Алдағы сәрсенбі-жұма күндері Қазақстанға 90 елдің министрлері келеді. Олар трансшекаралық өзендер мен көлдер мәселелерін талқыға салмақ. Астанада халықаралық конвенция кеңесінің 8-ші сессиясы өтеді. Онда су ресурстарын дұрыс пайдалану, олардың экологиялық ахуалы мен мемлекеттер арасындағы тиімді байланыс жайы сөз болады.
Сондай-ақ, оған 500-ге жуық халықаралық сарапшылар мен ғалымдар да қатысады деп күтілуде. Үш жылда бір рет өтетін су ресурстарына арналған сессия жұмысына біздің ел 2000 жылдан бастап тұрақты қатысып келеді. 2015 жылы Будапештте өткен кезекті сессияда халықаралық конвенция Қазақстанның екі бастамасын қолдаған болатын. Ол - 2018 жылы 8-ші сессияны Қазақстанда өткізу және Астанада суды бағалау бойынша халықаралық орталық ашу. Аталған орталық 2017 жылдан бастап елордада жұмыс істеп келеді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары :
- Қазақстан халықаралық құқық нормаларына негізделген өркениетті мемлекетаралық су қатынастарын қалыптастыру бағытын ұстанады. Трансшекаралық бассейндік басқарудың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында конвенцияның болашақ жұмысын айқындайтын «Конвенцияны жаһандық деңгейде жүзеге асыру стратегиясы» және «2019-2021 жылдарға арналған конвенция жұмысының бағдарламасы» қабылданады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
