Қайтыс болған 28 адамның атына атыс қаруы тіркелген. Сондай-ақ, психо-неврологиялық және наркологиялық диспансердің есебінде тұрған 15 азаматқа, сотты болған 8 адамға қару-жарақ ұстауға рұқсат берілген. Қызылорда облыстық прокуратурасы азаматтардың қолындағы қару-жарақты тексеру кезінде осындай олқылықтарды анықтаған. Яғни, тексеру облыстық Ішкі істер органдарының бақылау-қадағалау, лицензиялау, рұқсат беру міндеті саласындағы қызметті тиісті деңгейде жүзеге асырмай отырғанын көрсетіп берді. Прокурордың ұсынымы негізінде 9 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.