«Қарағанды-Теміртау» аралығындағы автобанның сапасы неге сыр бергені белгілі болды
5 шақырымнан астам күрежол георадар, сканермен жабдықталған арнайы техникамен тексерілді. Сөйтіп, 1,5 метр тереңдікке дейінгі жер қабаты қаралды. Нәтижесінде, бетон астында төселген топырақ жол жиегіне жиналған жауын-шашын және қар суынан ылғалданып төмен отырған. Асты қуыс бетон көлік ағымынан болатын динамикалық қозғалысқа шыдас бермей, жарықшақтар пайда болған. Бұл жолмен тәулігіне 23 мың көлік жүріп өтеді. Енді оны қайта жөндеуге тура келеді. Шығынды мердігер компания толығымен өз мойнына алады.
Игорь Гафтон, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
- Жолдың бетіндегі бетон толығымен алынады. Оны қайта құямыз. Ал, астындағы топырағын толтырып, осал тұстарына цемент пен құм араластырып саламыз. Бұл бетонның астын нығыздау үшін тәжірибеде бар әдіс. Жолдың сапасы сыр берген 5 шақырымды қараша айының соңына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы