Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аяқталды

21.09.2018

«Әйелдер жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қолдайды». Осындай тақырыппен  ұйымдастырылған екінші Еуразиялық әйелдер форумы аяқталды. Қазақстан делегациясының құрамында саясат, кәсіпкерлік және өзге де салаларда жетістікке жеткен жандар болды.

Баяндама жасаған Мемлекеттік хатшы «тұрақты және әділетті қоғам құру үшін әйелдер экономикалық өмірдің барлық саласына белсенді атсалысуы қажет»,- деді.  Біздің елде әйелдер мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосып жүр.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 44 пайыздан астамын әйелдер басқарады. «Салаға мемлекет тарапынан да үлкен қолдау жасалып жатыр»,- деді Мемлекеттік хатшы. Ол өз баяндамасында «Әйелдер Индустрия 4.0 тұрақты алаңын» құру сияқты бірнеше ұсынысын жариялады. 

Гүлшара Әбдіқалықова,  ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаев  «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде «Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен және бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның күш-жігерін жұмылдыру қажет», - деді. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, әлем және қауіпсіздік» резолюциясын толыққанды қолдаймыз. Сондықтан да бітімгерлік миссияларына әскери қызметтегі әйелдерді де дайындап жатырмыз.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу