Оралда науқастың үйіне барған мейірбике соққыға жығылды. №6 емхананың медициналық қызметкері тиісті мекен-жайға барғанда, ешкім есік ашпаған. Көршісі шығып, науқастың сол үйде екенін айтады. Алайда, көрші үйге кіргенде іздеген адамы болмайды. Кенет ер адам қыз балаға бас салып, тұншықтыра бастайды. Сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алады. Абырой болғанда, мейірбике қашып құтылады. Қазір ол үйінде ем алып жатыр. Көп ұзамай шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Ол 25 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Бұрын сотталмаған.
Нұрлан Бисенов, қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары:
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.