«Нұр Отан» партиясы «English for jastar» жобасын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы «English for jastar» жобасын бастады

21.09.2018

Басты мақсат – ауыл жастарына ағылшын тілі пәнін үйрету. Тегін факультативтік сабақтарға 9-ыншы, 11-інші сынып оқушылары қатысады.

Жоба еліміздің 84 елді мекеніндегі 7 мың оқушыны қамтымақ. Мәселен, Ақтөбе облысындағы Алға қаласының оқушылары алдағы екі ай ішінде ағылшын тілінен білімдерін кеңейте алады.  Оларға шет тілін жетік білетін еріктілер сабақ береді. Облыс бойынша 500-ге жуық баланы оқытуға 12 ерікті тілек білдіріпті.

Шолпан Гробова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

- Білімді жастарға жол ашу – партияның басты бағыттарының бірі. Сол партия мүшесі ретінде осы жобаға қатысуды жөн көрдім. Ол жобаны әлеуметтік желі арқылы көрдім. Іріктеу кезеңінен өтіп, 2 ай балалармен жұмыс жасайтын боламын.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу