Қазақстанда машина жасау саласы дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда машина жасау саласы дамып келеді

21.09.2018

Машина жасау – кез келген елдегі экономикалық өсімнің негізгі драйвері. Бұл сала Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Астанада өтіп жатқан машина жасаушылардың 6-шы халықаралық форумында осы мәселе жан-жақты талқыланды.

Жиынның екінші күні Үкімет мүшелерінің қатысуымен басталды. Вице-премьер Асқар Мамин делегаттарға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысөзін жеткізді. Қазақстан өткен жылы алғаш рет  Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Украина сияқты елдерде электровоздар экспорттаған.

Сондай-ақ, бір жарым мыңдай автомобиль шетел асқан. Оның дені Қытай еліне жіберілді. Тұтастай алғанда машина жасау саласы елімізде өсім қарқынын жоғалтпаған. Жиында машина жасау саласын цифрландыру мен  еңбек өнімділігін арттыру және жаңа технологияларды енгізу мәселесі де талқыланды. Сондай-ақ,  2019-2030 жылдарға бағытталған машина жасау саласын кешенді дамыту жоспарының таныстырылымы өтті.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Үкіметтің атынан форумға қатысушыларды құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда машина жасау саласының әлеуеті жоғары. Бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Форум жаңа идеяларға толы болатынына сенемін.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу