Алматыда «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тағылымды шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тағылымды шара өтті

21.09.2018

«Тілге құрмет - елге құрмет». Тіл мерекесіне орай, осындай атаумен Алматыда тағылымды шара өтті. Қаладағы №178 лицей ұжымы ұйымдастырған кешке танымал қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  Асылы Осман қатысты.

Тіл жанашыры оқушылармен кездесіп, мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты әсерлі әңгімесін айтты. Ғалымның сөзінше, әр азамат ана тілін ардақтауы тиіс. Себебі, туған тілін құрметтеп, мақтану - ұлттық құндылықтарын ұлықтай білген ұрпаққа парыз. Ал, жүздесуде шәкірттер болса, тек басылым беттері мен телеарналарда дидарын көріп жүрген тұлғаның ұлағатты сөздерін шын ынтасымен ұйып тыңдады. Бұдан кейін өнерлі жеткіншектер ана тілге арналған әндерді әуелетіп, көркем сөз оқыды. 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу