Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының елордадағы филиалының төрағасы болып сайланды. Қалалық филиалдың кезектен тыс 26-шы конференциясында делегаттар жаңа басшының кандидатурасын бір ауыздан мақұлады. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Бақыт Сұлтановты құттықтап, партия төлқұжатын табыстады. Сондай-ақ, жиында Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы» мен партиялық жобалардың іске асыру барысы пысықталды. Бағдарламаны жүзеге асыруда қоғамдық бақылауды күшейту керектігі айтылды. Осы мақсатта өңірлік және республикалық деңгейде қоғамдық кеңестер де құрылған.
Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:
- Біраз жаңа міндеттемелер тұр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген түйін бар. Іске асыру үшін бірінші сессияда Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда топтасуды ұсынамын.
Бақытжан ОМАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.