Қостанайда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған азамат қауіпті дертке шалдыққан қарындасы үшін жалғыз донор болып отыр. Жұлдыз Арыстановаға миелобластикалық лейкемия диагнозы қойылған. Оның өмірін арашалап қалу үшін сау адамның сүйек кемігін трансплантациялау қажет. Алайда, мұндай күрделі отаға келісімін берген бауыры екі ай бұрын ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алыныпты. Донорлық көмек дер кезінде көрсетілмесе, науқастың жағдайы мүлде қиындай түседі. Сондықтан, оның туыстары Астана қаласында күрделі ота жасауға мүмкіндік берулерін сұрап, Ішкі істер департаментіне өтініш жазған. Жағдайда жан-жақты зерттеген құқық қорғаушылар жақында ресми түрде бұған рұқсат етті.
Нұрлан Арыстанов, облыстық ІІД Тергеу басқармасының бастығы:
- Бұл науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы екенін ескеріп, ота жасалатын күн анықталған соң, күдіктіні күшейтілген күзетпен Астанаға этаптауға шешім шығардық. Бару-қайтуына барлығы 5 тәулік уақыт кетеді. 2 күн отаға дайындық және ота жасалған соң екі күн денсаулығы қалпына келуін күтеміз.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.