Ақтөбе облыстық драма театры мен «Aqtobe» телеарнасы үлкен жобаларды жүзеге асырмақ
Телеарна мен театр арасындағы ынтымақтастық. Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры мен «Aqtobe» телеарнасы бірлесіп, үлкен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Қос ұжым жаңа маусымның ашылу салтанатын да бірлесе өткізді. Тұсаукесерге медиа саланың майталмандары, журналистер, тележүргізушілер мен театр әртістері жиналды.
Театр алаңында оларды өнерсүйер қауым қызыл кілем төсеп, үлкен қошеметпен күтіп алды. Жаңа маусымның ашылу салтанатында театр мен телеарнаның біріккен жобалары туралы айтылды. Биыл «Aqtobe» телеарнасы театр ұжымының қатысуымен «Бір түп алма ағашы» атты көркем фильм түсірді. Ол жақында көрермендерге жол тартпақ.
Бақыт Аитова, «Құрмет» орденінің иегері, әртіс:
- Бүгін елеулі күн. Театрымыздың жаңа маусымы ашылу күні. Бұған телевидение қосылып жатыр екен. Екі үлкен ұжым қосылып, үлкен мереке жасап жатыр. Сондықтан, құтты болсын айтамыз!
Ж. КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы