«Ұлы дала қуаты» атты автокөліктердің халықаралық керуені Жамбыл жеріне жетті
«Ұлы дала қуаты» атты газбен жүретін автокөліктердің халықаралық керуені Жамбыл жеріне жетті. Қазақстан мен Ресей және Қытайдың ірі энергетикалық компаниялары ұйымдастырған керуен Қытайдың қиыр шығысынан Еуропаға жол тартып барады. Ондағы мақсат - көгілдір отынға ауысу, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді екенін насихаттау.
Құрамында 17 жеңіл және жүк көлігі бар автошерудің жалпы жүретін қашықтығы 10 мың шақырымға жуық. Барлығы табиғи газбен жүреді. Шараға жиылған мамандар өңірдегі қоғамдық көліктерді экологиялық жағынан тиімді әдіске көшіру мәселесін қозғады.
Сондай-ақ, халықаралық автодәліз бойынан газ құятын бекеттер желісін құру да маңызды екенін атап өтті.
Ермек Ысқақов, «ҚазТрансГаз өнімдері» ЖОФ директоры:
- Өзбек ағайындардан қалып кеттік. Олар 85 пайызға бүкіл транспорттарын газға ауыстырған. Ал, Таразда ондай жоқ. Сондай мақсатта Үкіметте қаулы дайындалып жатыр. Келешекте мұның бәрі болады деп ойлаймын.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы