Петропавлда жылу құбырларын ауыстыруға қаржы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жылу құбырларын ауыстыруға қаржы жоқ

19.09.2018

Қаражатты Еуропа қайта құру және даму банкі беруі тиіс болған. Қаржы институтымен арадағы келісім осыдан 2 жыл бұрын жасалған. Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қаладағы  234 шақырым магистральдың 25-ін ауыстыруы тиіс.

Бұл мақсатқа 9  миллиард теңге жоспарланған. Оның 4 миллиард 650 миллионын Еуропа банкі береді. Қаржының бөлінбеуіне байланысты жоспарланған жұмыстардың тек жартысы ғана жүргізілді. Салдарынан бірнеше әлеуметтік нысанға әлі жылу берілмеді.    

Әділбек Әубәкіров,   облыстық  Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Жыл басында ақша бөлінеді. Жылыту маусымына дейін конкурс жарияланып, мамыр айында жұмыстар басталады деп ойлаймын. Биылға апат жиі болатын 3 магистральді жаңарту жоспарланған еді. Бірақ, бұл қыста жылу беруге еш кедергі келтірмейді. Банкпен келісімшарт бар, қаражат кешіксе де бөлінеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу